Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Алматы көшелерінің бірінде шатырда тұратын студент туралы ақпарат тарады (видео)

Опубликовано:

Даладағы палатка. Көрнекі сурет
Даладағы палатка. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде Алматы көшелерінің бірінде шатырда тұрып жатқан студент жайлы бейнежазба тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал Telegram-арнаның хабарлауынша, шатырды пәтер жалдауға ақшасы жетпей, көшеде тұруға мәжбүр болған студент қойған.

Сондай-ақ Egov Telegram-арнасы аталған бейнежазбаны өздеріне студент жолдағанын айтқан.

"Алматы қаласы. Студент пәтер жалдау құнының тым жоғары болуына байланысты, Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысынан шатыр тұрғызуға мәжбүр болғанын айтып, осындай бейнежазбаны жолдады", - деп жазылған хабарламада.

Десе де StopFake сайты аталған бейнежазбадағы ақпарат жалған екенін хабарлады. Белгілі болғандай, видеодағы шатыр "Бителеком" компаниясына тиесілі болып шыққан.

"Фирма қызметкерлері палатканы қолданыстағы телефон кәрізіне кабель тарту жұмысын жүргізуге ыңғайлы болу үшін қойған", - деп жазылған хабарламада.

Кейін сайтта полиция қызметкерлері түсірген видео да пайда болды. Онда компания қызметкері тәртіп сақшыларына жұмыс жасауға рұқсат ету парағы мен өз құжаттарын көрсетіп жатқандығын анық көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде қолма-қол ақшаны цифрлық теңгеге айырбастау туралы жалған ақпарат тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003320-zelide-almatyda-koselerinin-birinde-palatkada-turatyn-student-turaly-aqparat-tarady-video/