"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиал басшысы ұсталды
Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге ведомство биылғы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынғанын айтады.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003364-zolausylar-tasymaly-aq-filialy-bassylarynyn-biri-ustaldy/