Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллиондардан құралған жаңажылдық шашу: қандай квесттер үшін бонустар мен ақша алуға болады

Опубликовано:

Сәтті Жұлдыз
Фото: АО "Сәтті Жұлдыз"

Арамызда квест өтіп, тапсырмаларды орындауды және сол үшін бонустар алуды ұнататындар баршылық. Бірақ, әдетте, мұның барлығы іс жүзінде шынайы өмірге еш қатысы жоқ виртуалды марапат қана, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы барлық лотереясүйер қауымға арналған «ЛотоМания» акциясын іске қосты. Науқан ережелері қарапайым - квесттерді орындап, жетістіктерге жетуіңіз керек, осылайша ұпайға ие боласыз. Ең көп ұпай жинап, жүлделі орынға ие болғандарды тамаша ұтыс күтіп тұр – 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық.

Бұл сізді қызықтырған болса, ережелерге көз жүгіртейік.

Сонымен, сіз ең алдымен sz.kz сайтында тіркеліп, қатысушы профилі бар парақ құруыңыз қажет. Ол жерде өзіңізге ат (никнейм) таңдауыңыз керек – бұл рейтинг кестесінде көрсетілетін есім. Өз төлқұжат деректеріңізді енгізбесеңіз де болады - өзіңізге ұнаған кез келген ат (ник) таңдай аласыз, бірақ ол бірегей болуы керек.

Енді квесттерден өтуді бастасаңыз болады. Мәселен, квестті орындауға 24 сағат беріледі, күніне бес тапсырма орындай аласыз. Одан бөлек жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі берілген. Әрбір орындалған квест немесе жетістік үшін қатысушы кепілдендірілген жүлде алады: лотобокс – бонустар жинағы – және рейтинг ұпайлары. Тапсырма неғұрлым қиын болса, лотобокс соғұрлым құнды әрі рейтинг ұпайлары соғұрлым жоғары болады.

Қатысушыларды 1000 жүлделі орын күтіп тұр. Жүлделі орынға ие болу арқылы сіз көптеген бонус аласыз. Сонымен қатар ақшалай сыйлықтар да қарастырылған - алғашқы үш орынды иеленген қатысушыларға ұтыс ретінде 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін ақша беріледі.

Науқан басталып кетті. Ол 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады, ал 13 қаңтарда нәтижесі шығып, барлық жеңімпаз анықталады.

Алда бұдан да өзге жағымды жаңалықтар жетерлік. Жеңімпаздар өзіне берілген бонустарды «Сәтті Жұлдыздың» лотерея билеттерін сатып алуға жұмсап, өзіне қомақты ақша, тіпті көлік ұтып алуға тағы бір мүмкіндік сыйлай алады.

Бұл туралы толығырақ білгіңіз келе ме?

Мәселен, су жаңа Toyota Camry-ді кез келген кәмелетке толған қазақстандық ұтып алуы мүмкін – ол үшін «Сәтті Жұлдыз» сайтында алты Loto 6/49 билетінен тұратын «Автокөлік» лотожинағын сатып алу қажет.

Сондай-ақ алты лотерея комбинациясы бар билетті «Сәтті Жұлдыз» сауда нүктесінен таба аласыз. Әрбір билеттегі комбинация кездейсоқ құрылады.

Бір қатысушы сатып ала алатын лотожинақ немесе билеттер санына шектеу қойылмаған.

Автокөлік ұтысы 30 желтоқсан күні сағат 22:00-де Satty Zhuldyz YouTube-арнасының тікелей эфирінде өтеді.

Тіркеліңіз, квесттерді орындаңыз және бонустар жинаңыз. Жаңа жыл қарсаңындағы түнді және мерекелік күндерді тиімді әрі қызықты өткізіңіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003386-milliondardan-quralgan-zanazyldyq-sasu-qandai-kvestter-usin-bonustar-men-aqsa-aluga-bolady/

pixel