Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: "Дикий Арманға" қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды

Опубликовано:

Арман Жұмагелдиев
Арман Жұмагелдиев. Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

Бас прокуратура көпке "Дикий Арман" лақап атымен таныс Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етуге жатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Арнаулы прокурорлар А.Жұмагелдиевке қатысты тергеуді аяқтады. Ол танысу сатысында. Дегенмен, қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды. Сондықтан қазіргі уақытта аталған сотқа дейінгі өндіріске қатысты толыққанды ақпарат беру мүмкін емес", - делінген Бас прокуратураның ҚазАқпарат сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, биыл 7 қаңтарда Арман Жұмагелдиев ұсталып, кейін елорда сотының санкциясымен қамауға алынған еді.

Сол уақыттан бері оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет оны қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар Бас прокуратура Қайрат Құдайберген мен "Дикий Арман" рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003416-bas-prokuratura-dikii-armanga-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-malimetteri-zariya-etuge-zatpaitynyn-aitty/

pixel