Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Опубликовано:

Жоғары оқу орынының студенттері
Студенттер. Көрнекі фото: Рixabay.com

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

"Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

"Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Министрлік биыл мемлекет басшысының тапсырмасы аясында "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылғанын атап өтті. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға берілген.

2023 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003461-bolasaq-stipendiyasy-iegerlerinin-tizimi-zariyalandy/

pixel