Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 4 жасар бала жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

балақай
Балақай. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласында 4 жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISI.KZ арнасы.

Полицияның мәліметінше, бүгін, 28 желтоқсан күні сағат 9:35-те Ақтөбе қаласындағы Жедел басқару орталығының 102 нөміріне Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Баланың белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті.

Киімі: капюшоны бар қызғылт сары түсті күрте, ашық-көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киім.

Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ҰҰ әскери қызметшілері мен еріктілер тартылған.

"Қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003493-aqtobede-aulada-oinap-zurgen-4-zasar-bala-zogalyp-ketti-foto/

pixel