Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында бухгалтер 25 миллион теңгеcін алаяқтарға аударып жіберген

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында мемлекеттік мекеменің 58 жастағы бухгалтері алаяқтардың есепшотына 25 миллион теңге аударып жіберген. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.

Алаяқтардың айла-амалдарына тек зейнеткерлер ғана емес, ақша санауды жақсы білетіндер де түседі. Бұл жолы Мұғалжар ауданындағы мемлекттік мекеменің есепшісі алданып қалды.

Әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын хабарлаған. Кейін белгісіз адам әйелге несиені криптовалютаға салуды ұсынған. Есепшіге "криптоволютаға инвестиция салудың" ұнағаны соншалық, ол барлық жиналған 25 миллион теңгесін алаяқға аударып жіберген.

Полиция департаменті осындай қоңыраулар түскен кезде дүрбелеңге түспеу керектігін ескертті. Кез келген бейтаныс адаммен сөйлесуді тоқтатып, банкке хабарласыңыз.

"Есіңізде болсын, банк қызметкерлері клиенттерге мұндай сұрақтармен ешқашан қоңырау шалмайды. Сондай-ақ ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға үшінші тарап шоттарына ақша аударуға болмайды", – дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003515-aqtobe-oblysynda-buxgalter-25-million-tengecin-alayaqtarga-audaryp-zibergen/

pixel