Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Екібастұзда бірқатар көпқабатты және жеке үйде уақытша жылу болмайды

Опубликовано:

Батарея
Батарея. Көрнекі фото: pixabay.com

Бейсенбі, 29 желтоқсанда Екібастұзда бірқатар ғимаратта жылу беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, жылу беруді уақытша тоқтату жылу желілеріндегі ақауға байланысты болып отыр.

"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС хабарлауынша, ақау Момышұлы көшесіндегі 69 үйге қарай тартылған квартал ішіндегі жылу желісінен шыққан. Ақауды жою үшін, бірнеше сағат қажет.

Сондықтан бүгін таңғы сағат 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Екібастұзда бірнеше нысанда жылу уақытша болмайды. Атап айтқанда:

  • Момышұлы көшесінің бойындағы 65, 67, 69, 71, 73, 79, 81, 83/13, 83а көпқабатты үйлерде;
  • Наурыз көшесінің бойындағы 16, 160 жеке үйлер мен Момышұлы көшесіндегі 66а, 71, 75а, 756, 79а жеке үйлерде;
  • Момышұлы көшесіндегі 83/13, 85/12 заңды тұлғалар ғимараттарында.

Айта кетейік, қараша айының соңында Екібастұз ЖЭО-да апат болып, салдарынан қаланың көп бөлігі жылусыз қалған еді.

Кейін қаладағы апатты жағдаймен танысуға үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың өзі барған еді.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы апаттан кейін, үкімет пен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003525-bugin-ekibastuzda-birqatar-kopqabatty-zane-zeke-uiler-uaqytsa-zyludan-azyratylady/

pixel