Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Будақтаған түтінді көріп, қауіпті аймаққа бет алған": павлодарлық құтқарушы 4 адам өрттен құтқарып қалды

Опубликовано:

Марлен Әбенов
Марлен Әбенов. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарлық өрт сөндіруші Марлен Әбенов оқиға орнына әріптестері келгенше, төрт адамды қауіпсіз жерге шығарып, өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, 28 желтоқсанда таңертең Павлодар қаласындағы 9 қабатты көп пәтерлі үйдің 1-қабатындағы қоқыс жинайтын орыннан өрт шыққан.

Осы кезде көшеде келе жатқан өрт сөндіруші Марлен Әбенов терезеден будақтаған түтінді байқап, бірден оқиға орнына барып, өзі төрт адамды қауіпсіз жерге шығарған.

"Құтқару қызметтері келгенге дейін оқиға орнында азаматтық қорғаудың кіші сержанты, 4-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Марлен Әбенов болды. Көшеде келе жатып, терезеден будақтаған түтінді көрген ол еш ойланбастан қауіпті аймаққа бет алған. Марлен 9-қабатқа көтеріліп, төрт адамды, оның ішінде баласы бар әйелді эвакуациялаған. Негізі Марлен аусымнан кейін үйде демалыста болған еді. Бірақ соған қарамастан, өзінің азаматтық борышын абыроймен орындады", - дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Басылымның дерегінше, өрт салдарынан 9-қабаттағы пәтердегі 2000 жылғы әйел мен 2019 және 2022 жылы туған балалар газға уланып, ауруханаға жатқызылған.

Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері 4 баланы құтқарып, 18 адамды эвакуациялаған. Өрт сағат 11:13-те толықтай сөндірілген. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Апаттың себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жеке құрамының 21 адамы және 6 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003532-budaqtagan-tutindi-korip-qauipti-aimaqqa-bet-algan-pavlodarlyq-qutqarusy-4-adam-ortten-qutqaryp-qaldy/

pixel