Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қолайсыз ауа райында жолға шыққан азаматтар енді 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

Опубликовано:

Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет
Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қолайсыз ауа райында жолға шыққан ел азаматтары енді айыппұл төлеп қана қоймай, қамауға да алынуы мүмкін. Осы орайда, жол сақшылары дауылдық ескерту жарияланған кезде тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Kolesa.kz.

Басылымның дерегінше, бұрын жабық тас жолға шыққаны үшін, бар жауапкершілік полицейлерге жүктелсе, енді тыйым салуға құлақ аспаған көлік жүргізушілері жазаланбақ.

Мәселен, 2022 жылдың қазан айында үкімет қаулысы шықты. Онда "Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" ережеге өзгерістер енгізілген еді.

Енді жолдың жабылуына құлақ аспаған көлік иелерін, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы "Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметшінің), әскери полиция органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау" бойынша жауапкершілікке тарту көзделіп отыр.

Осылайша, жолға шығуға тыйым салған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтарға, бірінші ретте 30 АЕК (2022 жылы 91 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе олар 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Егер бір жыл ішінде, тұрғындар дәл осылай заңды қайта бұзса 15-тен 20 тәулікке дейін қамауға алынуы немесе 50 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі (152 150 теңге) мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003566-qazaqstanda-qolaisyz-aua-raiynda-zolga-syqqan-azamattar-endi-15-taulikke-deiin-qamauga-alynuy-mumkin/

pixel