Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық гастроэнтеролог: Бананды көп жеген баланың ішегі бір-біріне жабысып қалуы мүмкін (видео)

Опубликовано:

Балақай
Балақай. Фото: pexels.com

Отандық гастроэнтеролог Гүлмира Дымық он жасқа толмаған балаларға күніне 1-2 бананнан артық жеуге болмайтынын айтты. Маман бананды мөлшерінен көп жеген баланың ішегі бір-біріне жабысып қалуы мүмкін екендігін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы гастроэнтеролог "Өмір көркем" бағдарламасында айтып берді.

"Баланың денсаулығы маңызды және ересектің жауапкершілігінде. Бананның ішінде қант бар. Бананды ашып, өзіңіз қолмен мыжып көрсеңіз, саусақтарыңыз бір-біріне жабысып қалады.

Ал жасыл бананда ол клей одан да көп. Сондай бананды көп жеген баланың ішегі бір-біріне жабысып қалуы мүмкін. Ол жағдайда ота жасайды.

Бала он жастан асқан яғни жасөспірім кезде мөлшерін көбейтуге болады. Өйткені жасөспірімдердің тәбеті ерекше болады. Олар өсіп келе жатқан ағза. Ал он жасқа жетпейтін бала болса, тәулігіне 1-2 бананнан көп пайдаланбау керек", - деді гастроэнтеролог Гүлмира Дымық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003575-otandyq-gastroenterolog-banandy-kop-zegen-balanyn-isegi-bir-birine-zabysyp-qaluy-mumkin-video/

pixel