jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ақтау тұрғыны тағдырын түзетемін деп сан соғып қалды

Көріпкел
Көріпкел. Көрнекі фото: Almaty.tv

Ақтау тұрғыны тағдырымды түзеймін деген үмітпен көріпкелге 800 мың теңгедей ақшасын беріп қойған, бірақ күткені орындалмаған соң полицияға жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Ақтау қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, көріпкел оның тағдырын жақсартуға көмектесемін деп уәде бергенімен, сөзінде тұрмағанын айтқан. Бұл ретте әйел оған 779 601 теңге берген.

Тәртіп сақшылары 32 жастағы күдіктіні ұстады.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді", – деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ПД.

Еске салайық, бұған дейін астаналық әйелдің бір жылда көріпкелге 60 миллион теңге қаржысын беріп қойғаны белгілі болған еді.

Ақтау тұрғыны тағдырын түзетемін деп сан соғып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.