Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмысын уақтыша тоқтатады

Опубликовано:

шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылғы 1, 2 қаңтар күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті ресми Telegram-арнасында.

"Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1, 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", - делінген комитет хабарламасында.

Бұл ретте комитет Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

"Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп қосты Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003680-qazaqstan-qytai-sekarasyndagy-avtomobil-otkizu-punktteri-zumysyn-uaqtysa-toqtatady/

pixel