Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ен дала дыбыстары, рэп және жусан сыбдыры: қазақстандық музыканттар ерекше трек ұсынды

Опубликовано:

Клип
Фото: Jusan Bank

Қазақстандық музыканттар Жаңа жылға арнап Jusan: Senimmen атты жаңа трек ұсынды. Түрлі музыкалық жанрдағы композициялар, заманауи дыбыстар мен электронды домбыраның синтезінен құралған коллаборация тыңдармандарды тәнті етуде, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Jusan мен композитор Дидар Исаханның ең ерекше әрі қызықты бірлескен трегін жасауға креативті индустрия өкілдері мен отандық орындаушылар қатысты: Ayau, Dequine, Darkhan Juzz, MOLDANAZAR және т.б. Жанр мен идеялардың сан алуандығы тек музыкада ғана емес, Қазақстан табиғатының сұлулығын, қала көшелері мен өзге де кереметтерін көрсететін бейнебаянда да ұсынылған. Бейнебаян режиссері – Қуаныш Бейсек.

Режиссердің айтуынша, оның жобаға қызығушылық танытуына Дидар Исахан жазған этникалық музыка себеп болған.

«Идея менікі, ал қалған барлық көркемдік шешімді қоюшылар командасы ұсынды. Сюжет қарапайым болғанымен, қызықты: динамика мен даму жөнінде, бірақ біздің бэкграундымызбен. Барлық жаңашылдыққа ашық болсаң да, өз бірегейлігіңді ұмытпауға шақыратын өзіндік жапон кейсінің бір түрі», - дейді Бейсеков.

MOLDANAZAR
Фото: Jusan Bank

Режиссердің айтуынша, жобаны дайындауға үш айға жуық уақыт кеткен. Ал нәтиже күткеннен де асып түскен.

Композицияны жасауда орындаушылардың өзі ерекше ықыласпен жұмыс істеді.

«Бізде ортақ тақырып болды - бұл тыңдаушыға деген сенім, мен оны ұстануға тырыстым және жұмыс барысында шабытқа ерік бердім. Мен үшін ең қызығы кадрда бүркітпен жұмыс жасау болды. Біз көптеген дубль түсірдік, процесс әсерлі болды», - деп бөлісті MOLDANAZAR.

Орындаушы De Lacure домбырамен бит оқу мүмкіндігіне ерекше қызығушылығы болғанын жасырмады.

De Lacure
Фото: Jusan Bank

«Маған ең үлкен шабыт берген - өмірімдегі өзгерістер. Музыкалық мансабым белсенді дамып келеді, жаңа жұмыстар пайда болуда, мен бұл қозғалысты өлеңде көрсеткім келді. Әсерлі әрі ауқымды, есте қаларлық локацияларға толы түсірілім процесі жадымда жатталып қалды. Бірақ жалпы алғанда, әрине, трек жазудан бастап, бәрі қызық болды», - дейді әнші.

Ресейден жақында оралған әнші Dequine бірден жобаға кірісіп кетті. Ол өзіне әр түрлі мәдениет қайраткерлерінің басын қосу идеясы ұнағанын алға тартты.

«Мен өз шығармашылығымда алғаш рет қазақ тілінде ән айттым. Өте органикалық, оңай шешім. Тарихымнан бас тартпастан, екі тілде өнер көрсету мүмкін болғанына қуаныштымын», – дейді әнші.

Dequine
Фото: Jusan Bank

Коллаборацияның тағы бір мүшесі Darkhan Juzz қазақ этносы мен ерекше үнінен шабыт алғанын айтуда.

«Мен осындай элементтерге, мәселен тамақпен ән айтуға және заманауи музыкаға көбірек ден қойғым келді. Ұжыммен бірге дыбысты жаңа сарында ұсыну жолдарын жиі іздейміз, бірақ көп ойлана келе ештеңе іздеудің қажеті жоқ екенін және бізде керектінің бәрі бар екенін түсіндік», - дейді орындаушы.

Darkhan Juzz
Фото: Jusan Bank

Айта кетсек, әртістермен бірлескен бейнебаян – Jusan-ның Жаңа жылға дайындаған сыйлығы. Банктің бренд-менеджері Әсем Зәмзам жоба идеясы қалай туындағанын айтып берді.

«Музыканың өзінен-ақ ен дала мен жүйткіген арғымақтардың дыбысын, жусан бұтақтарының сыбдырын, туған жердің атқан таңы мен батқан күнінің бүгінгі уақытқа ұласуын электронды домбыра үнінің көмегімен сезінуге болады. Біз әрбір қазақстандық уақыт арасында кішігірім саяхат жасап, өз тарихының беттерін Jusan музыкасымен парақтай алғанын қаладық. Бұл саяхат әсерлі әрі шабытқа толы бола түсуі үшін біз музыкаға сөз қосуды жөн көрдік», - дейді Әсем.

Бұған қол жеткізуге брендтің досы, Jusan-ның миссиясы мен стратегиясын жақсы білетін тәжірибелі де талантты режиссер Қуаныш Бейсеков көмектесті.

«Қуаныш бейнебаянның тритментін жазғаннан кейін жобада кімді көргіміз келетінін бірден түсіндік: жеке көзқарастары мен құндылықтары біздікімен сәйкес келетін өз саласының үздіктері. Нәтижесінде біз Қазақстанға, оның жарқын болашағына сенетіндерден құралған әр түрлі жанрдағы мықты әрі өте қызықты команда жинай алдық», - деп түйіндеді бренд-менеджер.

Бейнебаянды YouTube сайтынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003733-en-dala-dybystary-rep-zane-zusan-sybdyry-qazaqstandyq-muzykanttar-erekse-trek-usyndy/

pixel