Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітінің жағдайын жақсартпақ болған шымкенттік бойжеткен екі миллион теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Қол ұстасқан ғашықтар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкенттік бойжеткен сүйіктісіне көмектесемін деп, қыруар қаржысынан қағылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің желідегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

2022 жылдың 20-желтоқсанында Абай аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында көңіл жарастырып жүрген жігітіне әлеуметтік жағдайын оңалту үшін өз атынан несие алып бергенін, бұдан бөлек қолындағы жеке ұялы телефонын ломбардқа өткізіп, одан түскен 250 000 теңгені ақшалай қолма-қол бергенін жазған.

28 жастағы азаматша алаяқтық жолмен алынған қаражатын әлі қайтара алмай жүргенін жеткізеді. Жалпы келтірілген шығын көлемі - 2 275 000 (екі миллион екі жүз жетпіс бес мың) теңге.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003758-zigitinin-zagdaiyn-zaqsartpaq-bolgan-symkenttik-boizetken-eki-million-tengesinen-aiyrylyp-qaldy/

pixel