Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ: Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық дерлік облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 31 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, бүгін түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қызылорда қаласында да 31 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 31 желтоқсанда Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 31 желтоқсанда Қонаев қаласында да кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 31 желтоқсанда Шымкент және Түркістан қалаларында да кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында сондай-ақ, бүгін Петропавл қаласында бұрқасын күтіледі.

31 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сонымен қатар Орал қаласында көктайғақ, тұман күтіледі.

31 желтоқсанда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі.

31 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, бұрқасын, Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Бұдан бөлек оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. 31 желтоқсанда Қарағанды қаласында да кей уақытта бұрқасын күтіледі.

31 желтоқсанда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, кей уақытта Тараз қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Сонымен бірге өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003835-tuman-koktaigaq-zana-zyl-qarsanynda-elimizdin-barlyq-derlik-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel