Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке қарсаңында астаналық полицейлер жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды

Опубликовано:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мереке қарсаңында Астана полицейлері жүргізушілерді жолда аса сақ болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, мереке күндері елордалық полицейлер күшейтілген режимде қала жолдарында қызмет етеді және жол қозғалысы ережелерін бұзушылармен күресуге бағытталған рейдтер жүргізеді.

Сондай-ақ патрульдік полицейлер мас күйде көлікке отырған жүргізушілерді анықтауға да ерекше назар аударатын болады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жеке көлікпен алыс жолға шыққан кезде ауа райына қатысты ескертуді және қозғалыстағы шектеулер туралы хабарламаларды ескеру қажеттігін атап өтті.

Басылымның дерегінше, жыл басынан бері елордада жол қозғалысы ережелерін бұзудың 157 мыңнан астам дерегі тіркелген. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 1240 жүргізуші ұсталған. Көлік басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйде көлік жүргізген 59 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар оқиға болған жерден полицияға хабарламай кетіп қалатын жағдайлар да жиі кездескен.

Осы орайда полиция жүргізуші өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе көлік құралдарын басқару құқығынан бір жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға дәл осындай әрекеттер жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу не 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003840-mereke-qarsanynda-astanalyq-policeiler-zurgizusilerdi-zol-erezesin-qatan-saqtauga-saqyrdy/

pixel