Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның жоқтығы жүректі ауыртады": ақтөбеліктер қаза тапқан 4 жасар сәбимен қоштасты (фото)

Опубликовано:

Данил Ахуновпен қоштасу бұрышы, ойыншықтар
Данил Ахуновпен қоштасу бұрышы. Фото: diapazon.kz

28 желтоқсан күні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 4 жасар баланың кеше мәйіті табылды. Полиция бүлдіршіннің денесінде зорлық белгілері барын растады. Ал қалалықтар балалар үйінде сәбимен қоштасып жатыр, деп жазады "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицейлер, еріктілер, ТЖД және Ұлттық гвардия қызметкерлері 4 жасар баланы екі күн бойы тоқтаусыз іздеді. Өкінішке қарай, кеше оның жансыз денесі табылды. Полицейлер оның денесінде зорлық белгілері бар екенін мәлімдеп, артық ақпарат беруден бас тартты.

Еріктілер бүлдіршінмен қоштасу рәсімін ұйымдастырып, сәбилер үйінің бір бұрышын аза тұту орнына айналдырды.

"Үшемдерді туылған кезінен бастап білеміз. Төрт жыл бойы оларға көмектесіп келдік. Биыл балақайға да сыйлық дайындап қойғанбыз. Бірақ қандай қайғылы жағдай болғанын көрдіңіздер... Ол сәбилер үйінде тұрғанда бақытты болатын. Сабырлы әрі өмірге риза бала еді. Біз келгенде үнемі қуанып, секіріп, жүгіріп жүретін. Оның бұл өмірде жоқтығы жүректі ауыртады. Қалай қиналып тұрғанымызды жеткізудің өзі қиын", - деді еріктілердің бірі.

4 жасар бала 28 желтоқсанда жоғалып кеткен. Кеше сәбидің жансыз денесі табылды. Күдікті ұсталып, "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003846-onyn-zoqtygy-zurekti-auyrtady-aqtobelikter-qaza-tapqan-4-zasar-sabimen-qostasty-foto/

pixel