Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол елдің тұтастығын сақтады": Қоян жылы қазақтың 18-ханы Абылай дүниеге келген

Жарияланған күні:

Абылай хан ескерткіші
Абылай хан ескерткіші: visitaqmola.kz

Қоян жылы әдетте халыққа қолайсыз болады деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен жаңа жылдан күтер жақсылық та, жаңалық та көп. Халық әр жылды тағатсыздана тосып, сиқырлы мерекеге балап отырады, деп жазады Хабар24 арнасы.

Қоян жылы қазаққа жайсыз жайттармен еске түседі екен. Тарихта бұл жылдарға "тақыр қоян" деген атау беріп, айдар таққан.

"Бір ғана Каспий облысы бойынша 1891-92 жылдары бір жылда 189 мың бас қой, 21 мың бас жылқы, 17400 бас түйе шығын болған екен. Сол бір Қоян жылында", - дейді тарих ғылымдарының докторы Айжамал Құдайбергенова.

Қоянның "жұты" болғанымен, "құты" да бар екенін ұмытпаған абзал. Себебі дәл осы Қоян жылында Қазақтың 18-ханы Абылай дүниеге келді. Абылайхан кезеңі - тарихта елеулі заман болған. Оның тұсында жау қуылып, халық өз жерінде емін-еркін тіршілік жасап, елде тыныш заман орнады. Ол бірлік пен ұйымшылдыққа негізделген билік құра білді.

"Мысалы 3 жүздің басын қосқан Абылай хан. Ол 1711 жылы қоян жылында дүниеге келді.Келесі қоян жылында Алқакөл сұлама Ақтабан шұбырынды болды ғой. Бірақ осы оқиғалардың бәрінің қазақ тарихында ірі орны бар. Өйткені ол қазақ тәуелсіздігін, территориясын, хандығын сақтап қалуға бірінші қолбасшы, сосын хан есебінде өзінің үлесін тигізген", - дейді тарихшы Айжамал Құдайбергенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003850-ol-eldin-tutastygyn-saqtady-qoyan-zyly-qazaqtyn-18-xany-abylai-duniege-kelgen/