Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдан бастап әскерден оралған сарбаздар 40-тан астам университетте тегін оқи алады

Опубликовано:

Әскерилер
Әскери қызметшілер. Көрнекі фото: NUR.KZ

Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындары әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен жобаны іске асыруға кірісті. Жобаға сәйкес, мерзімді әскери қызметін өтеген және қызмет ету кезінде ерекшеленген әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік бар. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Narxoz университетінің өкілдері 30 желтоқсанда Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында болып, әскери қызметшілерге мерзімді қызметті өткергеннен кейін жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы түсіндірген.

Аталған келісімге Қорғаныс министрі мен 40-тан астам жоғары оқу орнының ректорлары қол қойған. Құжатқа сәйкес, белгіленген мерзімде қызметін өтеген және қызмет ету кезінде ерекшеленген әскери қызметшілерге жоғары оқу орындары тегін оқуға мүмкіндік бар.

Қорғаныс министрлігі атап өткендей, бұған дейін Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілдері де әскери бөлімде болып, осындай кездесулер өткізген.

Ведомствоның хабарлауынша, бұдан өзге алдағы уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мамандарымен де кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003856-2023-zyldan-bastap-askerden-oralgan-sarbazdar-40-tan-astam-universitette-tegin-oqi-alady/

pixel