Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда ЖЭО арналған техникалық су құбырындағы зақым жойылды

Опубликовано:

Екібастұз
Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұзда ЖЭО арналған техникалық су құбырындағы зақым жойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Техникалық су құбырындағы зақым 31 желтоқсан  күні сағат 00:51-де жойылды. Екібастұз қаласының ЖЭО-на арналған D500 мм техникалық су құбырындағы зақымдануды жою бойынша жұмыстар аяқталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жүйе іске қосылуда. Коммуналдық қызмет мамандары желі қажетті сумен толтырылғанға дейін оқиға орнында жұмысын жалғастырады. Барлық процестер мамандардың бақылауында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003858-ekibastuzda-zeo-arnalgan-texnikalyq-su-qubyryndagy-zaqym-zoiyldy/

pixel