Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спортшылар, бапкерлер, төрешілер жалақысы, штаттық бірліктің өсуі, құрал-жабдықтар: биылғы жылы отандық спорт үшін тағы не жасалды

Опубликовано:

1
Фото: ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Әрдайым халық назарындағы ел спорты тарихында биылғы жылы айтулы оқиғалар орын алды. Нақтырақ айтсақ, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан көптеген мәселелер шешіліп, бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Сонымен көп созбай солардың ең негізгілерніе қысқаша тоқталсақ.

1. Спорттағы осы уақытқа дейін 1000-нан аспаған штаттық бірлік 3000 ға дейін көтерілді. Яғни 1994 жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасындағы жалпы бапкерлер мен спортшылар саны 1000 адамнан аспаған. Биылғы жылы бұл мәселені құзырлы министрлік үкімет деңгейінде көтеріп үш есеге арттырды. Бұл дегеніміз енді үш мың бапкер мен спортшы құрама сапына кіріп, мемлекет қолдауына ие болады. Яғни айлық төленіп, мемлекет беретін өзгеде жеңілдіктерді ала алады.

2. Спорт төрешілерінің жалақысы артты. 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен базалық лауазымдық айлықақы 10 нан 100 пайызға дейін өсетін болады. Бұл өз кезегінде спорт төрешілерін ынтадандырып қана қоймай, ел спортына жаңа серпін береді деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. Көптен бері өзгеріссіз келген өзекті мәселенің шешімін тапқанына төрешілер де риза екендерін жеткізді

Жаңа қаулы бойынша халықаралық дәрежедегі төрешілердің базалық лауазымдық айлықақысы 2654,6 теңгеден 17697 теңгеге, жоғары дәрежедегі спорт бойынша ұлттық төрешілер ақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге, спорт бойынша ұлттық төреші 1769,7 теңгеден 14158 теңгеге, 1 дәрежедегі спорт бойынша төреші 1415,8 теңгеден 12388 теңгеге, спорт бойынша төрешілер ақысы 1238,8 теңгеден 10618 теңгеге болып өзгереді.

3. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің және Әлем чемпиондарының ай сайынғы материалдық қамсыздандыру мөлшері өсті.

Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионадарына өмір бойы берілетін ай сайынғы қамсыздандыру мөлшері өсті. Отандық спорт тарихында аталған төлем 24 АЕК-ті құрап (76 380 теңге), өзгеріссіз келген. Дегенмен, биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігінің үкіметке жасаған ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы қамсыздандыру көлемі 100 АЕК-ке дейін (318 000 теңге) өсті.

4. Спорттық-құрал жабдықтар жаңартылды. Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Мәдениет және спорт министрлігі арнайы бағдарлама әзірледі. Оның маңызды тармақтарының бірі заманауи жабдықтарын сатып алудың жаңа нормаларын бекіту, сондай-ақ осы мақсатқа қосымша қаражат бөлу. 2017 жылы бекітілген нормалар басқа елдердің құрама командаларына бөлінетін қолжетімді, үнемі жаңартылып отыратын және жаңа буын жабдықтарын сатып алуға мүмкіндік бермегенін атап өткен жөн.

«2023 жыл – Олимпиадаға дейінгі, ұлттық құрама командаларды даярлау тұрғысынан ең маңызды жыл. Ірі жарыстарда жеңіске жету үшін, ең алдымен, ерік-жігер, табандылық, спорттық руһ пен тәртіп қажет екені анық, бірақ инфрақұрылымның атқаратын рөлін естен шығармаған жөн. Сондықтан тиісті жағдайларды жасау үшін біз жабдықтарды жаңарту және сатып алу жұмыстарын жүргіздік. Енді соңғы нәтиже толығымен спортшыға байланысты», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Барлығы 28 жазғы және қысқы олимпиадалық және 3 паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жабдықтар берілді.

5. Олимпиадалық жаттығу орталығы мен Олимпиадалық даярлау орталығының құрылысы жанданды.

Аталған екі нысанға да үкіметтен қаржы бөлініп, 2000 жылдардың басынан бері құрылысы тоқтап қалған Олимпиадалық жаттығу орталығы қайта салына бастады. Олимпиадалық жаттығу орталығы 2023 жылы, ал Олимпиадалық даярлау орталығының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

6. «ArtSport» жобасына өзгерістер енгізілді. Жаңа бұйрық бойынша жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл өз кезегінде балалардың кәсіби жаттықтырушылармен сапалы залдарда спортпен шұғылданып, қауіпсіздіктерін арттырады.

7. Спорт комитетіне қарасты Спорттық медициналық орталықтың жұмыс жүйесі өзгерді.

Осы уақытқа дейін комуналдық мекеме болып келген медициналық орталық «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып өзгерді. Бұл өзгеріс мекемеге ақылы қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Ал түскен қаражат спортшылардың сапалы медициналық тексерулерден өтуін қамтамасыз ету мақсатында шет елдік мамандарды тартуға жұмсалады.

8. Алматы қаласында Республикалық спорт колледжінің жанынан ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы РМҚК-нің филиалы ретінде Жаттығу орталығы ашылды.

Ұлттық штаттық құрамаға кіре алмаған №4-8 резерв спортшылары аталған орталықта жаттығуларын жалғастыратын болады. Сондай-ақ, мұндағы спортшылар әлемдік бәсекелерде бақ сынауға мүмкіндік алады, ұлттық құрамаға бәсекелестік тудырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003863-sportsylar-bapkerler-toresiler-zalaqysy-stattyq-birliktin-osui-qural-zabdyqtar-biylgy-zyly-otandyq-sport-usin-tagy-ne-zasaldy/

pixel