Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Бұрқасын
Бұрқасын. Фото: pexels.com

2023 жылдың 1 қаңтарында Қостанай облысында бұрқасын мен тұман күтілуде. Дауылдық ескерту жайлы Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"1 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде және батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады.

Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында соғатын желдің екіпіні 23 м/с", - деп хабарлады Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы өңірлерде ауа райы қандай болатыны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003868-qostanai-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel