Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армандар орындалады: Талдықорғандық такси жүргізушісі Жаңа жыл қарсаңында жаңа авто ұтып алды

Опубликовано:

Сәтті Жұлдыз
Көрнекі сурет: freepik.com

Жаңа жыл қарсаңында әрқайсымыз ғажайыпқа және тілектердің орындалатынына аз да болса сенеміз. Талдықорған тұрғыны Самат та ғажайыпқа сенді, нәтижесінде сәті түсіп, ер адам су жаңа Toyota Camry көлігін ұтып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Самат екі жыл бойы "Сәтті Жұлдыз" лотереялық билеттерін сатып алып келген. Лотереялардың түр-түрін алып көріпті, бірақ тіпті 500 теңгелік ынталандыру сыйлығы да бұйырмаған екен.

Сәттілік серігі боларына аса қатты сенбесе де, ол мереке алдында кезекті Loto 6/49 билетін сатып алмақ болады. Сату орнындағы кеңесші оған "Автомобиль" ЛотоЖинағын сатып алуды ұсынып, тіркеуден өтуге көмектескен.

Бірақ автокөлік ұтып алатынына Самат үміттенбеген. Тіпті ол эфирді де көрмегенін мойындайды. Сол күні кешке ұйықтауға жатып, қоңыраудың үнінен оянып кетіпті.

"Қоңырау шалған адамға да сене қоймадым, өтірік шығар немесе достарым қалжыңдап алдап отырған болар деген ойда болдым. Достарым еш уақытта лотереяға сенбейтін, үнемі: "мұныңнан ештеңе шықпайды, билеттерді не үшін сатып аласың?", - дейтін. Өзім де жолым болады деп ойлаған жоқпын. Осындай үлкен тосынсый болды", - деп әсерін бөлісті талдықорғандық.

Саматтың қоңыраудан соң ұйқысы шайдай ашылған. Ол әлі күнге дейін таңғалысын жасыра алмайды. Осыған дейін лотереялық билеттерді жалықпастан сатып ала бергеніне де өкінбейді. Тіпті бұдан былай билеттерді жиі сатып аламын деп шешкен. Оны болашақта тағы не ұтатыны қызықтырып отыр.

"Үмітсіз шайтан" дейді ғой. Үміт оты еш уақытта өшпейді екен. Қанша сатып алып жүрсем де сенбейтінмін, бірақ лотереяға қатыса беретінмін. Бұл жерде сабыр керек. Армандар орындалады. Қуанышымда шек жоқ", - дейді Самат.

Жақындары әлі оның қандай ұтысқа ие болғанынан хабарсыз. Оларға жақсы жаңалықты бүгін жеткізіп, қуантпақ ойда. Дәл бүгін ол сату орнына барып, өзіне билет сатқан сатушы қызға алғысын айтпақшы. Себебі оның сатқан билеті сәтті болып шықты.

Сәттілік кез келген адамға, кез келген сәтті сағатта, үлкен мерекелерді күтпей-ақ серік бола алады. Әр адам өзіне-өзі мереке ұйымдастыра алады. Мәселен, қазақстандықтар енді... пәтер ұтып ала алады!

Бұл үшін "Сәтті Жұлдыздан" TeleBingo лотереяларының 5 билетінен тұратын "Пәтер" ЛотоЖинағын сатып алу жеткілікті. Әр билеттегі комбинация кездейсоқ таңдалады. Бір қатысушы сатып ала алатын ЛотоЖинақтар санына шектеу жоқ.

Ұтыс 2023 жылғы 8 қаңтар күні сағат 9.00-де Satty Zhuldyz YouTube-каналының тікелей эфирінде ойнатылады. Екінші пәтер болса, 15 қаңтар күні болатын тиражда ойнатылмақ.

Satty Zhuldyz
Фото: Satty Zhuldyz

Одан бөлек, басты сыйлық – SuperBingo көлемі бүгінде 283 208 549 теңгеге жеткен және оны ұтып алу мүмкіндігіне лотереяның әр қатысушысы ие.

Ұтысқа қатысыңыз және жеңімпаздың "Үмітсіз шайтан" деген сөзін де ұмытпаңыз. Демек, сәттілік сізді алда күтіп тұр!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003872-armandar-oryndalady-taldyqorgandyq-taksi-zurgizusisi-zana-zyl-qarsanynda-zana-avto-utyp-aldy/

pixel