Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүгінгі жазбамды отбасыма арнаймын": Бағдат Мусин жылды қорытындылап, көпті Жаңа жылмен құттықтады

Опубликовано:

Бағдат Мусин отбасымен бірге. Фото
Бағдат Мусин отбасымен бірге. Фото: Facebook/Бағдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биылғы жылды қорытындылап, Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Осы жыл да өз мәсересіне жетті, әдеттегідей қорытынды ой түйгім келеді. Мен әлеуметтік желілерде жұмыс туралы көп жазамын, бірақ бүгінгі жазбамды отбасыма арнағым келіп отыр. Биылғы жылы жанұяма аз көңіл бөлгенімді түсіндім. Көптеген іс-сапарларға, жұмыстағы маңызды шараларға байланысты – отбасылық демалыстар кейінге қалдырылды, тіпті отбасы мүшелерімен өтетін кештерден де тыс қалыппын.

Әр отбасы сияқты, біздің де күнделікті күйбең тіршілігіміз бар: жұмыс, оқу, отбасылық мәселелер және тағы басқалары. Осындай қарбалас кездерде балаларымыздың тез өсіп бара жатқанын ғана байқаймыз.

Менің үлкен қызым – оқуы үшін алаңдаулы, бар уақытын күні-түні дайындықпен өткізіп жатыр. Ол алға қойған мақсатына қол жеткізуге ұмтылуда. Қазірдің өзінде өз бағытын тауып, жоғары оқу орнын таңдау бойынша шешім қабылдады. Бүгінде ол SAT (жоғары оқу орнына түсу бойынша тест), ағылшын тілі және басқа да дайындық курстарынан өтуде. Жаным, келесі жылы SAT-ты сәтті тапсырып, біліміңді жаңа жобалармен және бастамалармен толықтыруыңды тілеймін!", - деп жазды министр.

Бағдат Мусин кіші қызының да биылғы жылғы жетістіктерін атап өткен.

"Кіші қызым бізді жыл бойы спорттық сәнді билер бойынша өткен жарыстардағы жеңістерімен қуантты. Бірақ қазір ол өтпелі кезеңде. Жаңа мақсаттарды көздеуде. Өмірде сіз бұрынғы мақсаттарыңызға қол жеткізген кездеріңіз болады, содан кейін басқа да дұрыс қадамдар іздеу кезеңіне өтесіз. Кіші қызым дәл қазір осындай уақытты бастан кешіруде.

Оның үстіне оқу жүктемелері де уайымдатады, бәріне үлгеру керек, көптеген жобалар мен тапсырмалары да жеткілікті.

Қызым, уайымдама! Әр адам өз өмірінде мұндай сәттерді бастан кешіреді, сондықтан асықпа, бастысы - дұрыс таңдау жаса. Саған жаңа жетістіктерге шабыт тілеймін", - деп жазды ол!

Сондай-ақ ол өз жазбасында ұлдарының немен айналысатынын да жазған.

"Үлкен ұлым орта мектепке (middle school) түсуге дайындалып жатыр. Соңғы уақытқа дейін ол футболдан Астананың балалар командасында болды. Анасы кенже ұлыммен бірге оның барлық ойындарына қатысты, мен өкінішке орай, мүмкіндігінше ғана барып жүрдім.

Биыл өзінің футбол командасымен бірге менің туған өңірім - Павлодар қаласына жалғыз барып келді. Бір апта жатақханада тұрып, әкесі мектеп жылдарын өткізген шаһарды көрді. Ұлым футболды қатты жақсы көреді, бірақ қазір оқуды бірінші орынға қою керек екенін, футболдың хобби бола алатынын түсінді. Айтпақшы, құрдастары НИШ-қа дайындалып жатқанда, ол КТЛ-ге түсуге шешім қабылдады. Шынымды айтсам, мен онда түс деп айтпадым!). Сонымен, балам, мен саған КТЛ-ге түсуіңді тілеймін, бірақ сен сүйікті ісің– футболды да ұмытпа.

Ортаншы ұлым балабақшадан мектепке өтпелі жаста, сонымен қатар хоккей мен биге қатысады. Келісіңіз, қызықты үйлесімділік қой))) Одан не шығатынын көрейік! Ең кіші ұлым, кенжетайым өзінің алғашқы қадамдарын жасады, тәй-тәй, балапаным! Айтпақшы, оның алғашқы сөзі "әке" болды). Оның жасында ең маңыздысы - ауырмау, даму және жанында анасының әрқашан маңызды!", - деп жазды ол.

Министрдің айтуынша, өзінің ата-анасы зейнетке шықса да, олар көп уақытын балалары мен немерелеріне арнайтын көрінеді.

"Менің ата-анам зейнеткер болса да, бос уақытын бізге арнайды, көмектеседі. Динаға бизнеске, балаларға оқуға көмектеседі, ал маған түрлі кеңестер береді. Мен оларға шексіз ризамын.

Жұбайымның отбасымыздағы орны ерекше. Ол кейде балаларым үшін әкенінің де рөлін ойнайды, оның арқасында үйде жайлылық пен жылылық салтанат құрған. Көптеген жұмыстарды өз мойнына алып жүр. Рақмет, сенің арқанда еш нәрсеге алаңдамай, жұмысқа толықтай көңіл бөлемін. Сонымен қатар отбасылық бизнесті жүргізуде және оны дамытуда. Әрдайым бірге қол ұстасып жүргенімізді тілеймін!

Әрбір қазақстандық отбасыға бақ-береке қуаныш шаттық тілеймін, барлық қиындықтарды еңсеріп, бір-біріңізге тірек бола біліңіздер. Өмірлеріңізде жарқын сәттер көп болсын.

Отбасы бірінші кезекте – одақ екенін ұмытпайық. Яғни, ерлі-зайыптылар арасында, ата-аналар мен балалар арасындағы одақ. Бұл тек махаббат пен бақыт ғана емес, сонымен қатар өзара ауызбіршілік, келісімдер, қиындықтар. Алайда отбасы әрқашан сіздің шабытыңыз бен алға деген ұмтысыңыздың бастауы болары сөзсіз!", - деп сөзін қорытындылады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003883-bugingi-zazbamdy-otbasyma-arnaimyn-bagdat-musin-zyldy-qorytyndylap-kopti-zana-zylmen-quttyqtady/

pixel