Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетел азаматы қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда Қырғызстан азаматы жаңа жыл алдындағы әбігерді пайдаланып қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Алмалы аудандық полиция басқармасы хабарлады. Аталған бөлімшенің жедел қызметкерлері қалта ұрысын ұстады.

“Сауда үйлері мен супермаркеттерде 34 жастағы К.есімді азамат ұрлық жасап жүрген. Біздің ауданда бар болғаны екі күннің ішінде күдікті алты рет бөтеннің мүлкін ұрлаған. Ол негізінен ұялы телефондарды ұрлаған, оларды әдетте, ұзақ уақыт бойы сөрелерден қарап жүретін әйелдерден ғана жымқырған.

Осы кезде ол күртешелерінің қалтасынан білдірмей гаджеттерін шығарып алып, жасырынып қалған. Айыпталушы қазір қамауда отыр. Оның жеке басын басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғына тексеріп жатырмыз – ол қаланың басқа да жерлерінде ұрлық жасап жүрген болуы мүмкін”, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003892-almatyda-setel-azamaty-qalta-urlygyn-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel