Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті

Опубликовано:

жаңа жыл
Көрнекі фото: pxhere.com

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 2.01-де қала іргесінде орналасқан Табсөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

”Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталуда”, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003908-qyzylordada-zanazyldyq-syrsa-ortenip-ketti/

pixel