Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында трактормен адасып кеткен екі тұрғын табылды

Опубликовано:

Трактор
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар трактормен далада адасып кеткен екі ауыл тұрғынын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, 31 желтоқсан күні сағат 16.00 шамасында Қамысты ауданының Свободное кентінің екі тұрғыны осы ауданның Дружба кентіне трактормен бағыт алған. Олар жолды қысқартамыз деген шешім қабылдап, далалы жермен жүрген. Салдарынан трактордың доңғалағы жарылған.

Бұл аумақта ұялы байланыс болмаған. Жоғалып кеткендердің туыстары жақындары байланысқа шықпағанын дабыл қаққан. Осыдан кейін Қамысты полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Марат Аяпов пен Нұрболат Зарлыханов іздеуге шықты. Олар жоғалған адамдарды тауып, ТЖ қызметкерлерінің көмегімен далда қалғандарды эвакуациялады.

Құтқару операциясы 2023 жылдың 1 қаңтарында сағат 11.00-де аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003920-qostanai-oblysynda-traktormen-adasyp-ketken-eki-turgyn-tabyldy/

pixel