Top.Mail.Ru

Зектілері

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсті

Жарияланған күні:

Ақша ұстап отырған әйел
Ақша ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Еңбек кодексі бойынша жұмыс берушілер ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақымен қамтамасыз етуге міндетті екенін ескерсек, барлық салаларда әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы қызметкердің ақшалай кірісі өседі.

Жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын ұйымдар да разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа санаттағы қызметкерлердің жалақыларын ұлғайту жағына қарай қайта қарайтын болады", - делінген хабарламада.

Үкімет дәрігерлердің, мұғалімдердің, бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің және өндірістік персоналдың жалақысын кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003936-elimizde-en-tomengi-zalaqy-molseri-osti/