Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты
Жарияланған күні:

Павлодарда жаңа жылдың алғашқы күні жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол көлік оқиғасы туралы хабарлама 2023 жылы 1 қаңтар күні сағат 23:44-те түскен.
Кенжекөл бағытындағы тас жолға екі жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілген.
"Жол апаты салдарынан 38 жастағы ер адам мен 36 жасар әйел көз жұмды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, зардап шеккен 41 жастағы әйел мен 33 жасар ер адам әртүрлі жарақаттармен N1 қалалық ауруханасына жеткізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003955-pavlodarda-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty/