Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер Ұлттық біліктілік тестінен босатылады

Опубликовано:

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі сурет: pixabay.com

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, енді 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер қызмет нәтижесінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады.

Сондай-ақ ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижесін жан-жақты қорытындылау арқылы "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысса, онда Ұлттық біліктілік тестілеуінен босатылады.

Сонымен қатар зейнет жасына шығуға төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер де аттестациядан босатылады.

"Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл ретте педагогтердің ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты.

Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижесі бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003969-30-zane-odan-da-kop-zyl-pedagogikalyq-otili-bar-pedagogter-ulttyq-biliktilik-testileuinen-bosatylady/

pixel