Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімдіксіз, шылымсыз саудамызды жасап жатырмыз: ішімдіктен бас тартқан тағы бір ауыл жайлы не білеміз

Опубликовано:

Шарап бөтелкесі
Шарап бөтелкесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысына қарасты Тікенекті ауылының ішімдіктен бас тартқанына биыл бір жыл болған. Нәтижесінде бір жылдың көлемінде ауылда құқық бұзушылық та, жанжал да тіркелмеген, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның хабарлауынша, жалпы ішімдіксіз ауыл бастамасын былтыр жыл басында ауыл әкімі мен учаскелік полицей көтеріп, ақсақалдар алқасына ұсынған. Кейін ауыл халқы бұл ұсынысты түгел қолдаған. 

Тікенекті ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмір Бүркітбаевтың айтуынша, қазір ауылда ішімдік сатылмайды.

"Біздің ауылда участковыйымыз бар, жиі-жиі тексереді. Ішімдіксіз, шылымсыз саудамызды жасап жатырмыз", - дейді тағы бір ауыл тұрғыны Рысты Сәрсекеева.

Жалпы Тікенекті ауылында 222 тұрғын тұрады. Ауылдың учаскелік полицейі Әлібек Оспановтың сөзінше, қылмыстық істің алдын алу, жастарды дұрыс бағытқа бағыттау жолында полиция ауылдың қоғамдық кеңесімен, ауыл әкімі бірігіп жұмыс атқаруда.

Тікенекті ауылының үлгілі ісі туралы естіген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жақында Қарағанды облысына сапары барысында Тікенекті ауылының әкімі Ерлан Оспановқа "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалін табыстаған.

Ал ауыл тұрғындары бұл марапат бүкіл ауылға көрсетілген құрмет деп білетінін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003989-isimdiksiz-sylymsyz-saudamyzdy-zasap-zatyrmyz-isimdikten-bas-tartqan-tagy-bir-auyl-zaily-ne-bilemiz/

pixel