Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында ауа райына байланысты 20 рейс кешіктірілді

Опубликовано:

Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райының сақталуына байланысты рейс уақытының кейінге шегерілуі әрі оларды тоқтату туралы хабарлайды. Бұл туралы компанияныңTelegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі жазады.

"Air Astana әуе компаниясы ел аумағындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты рейстердің кешігуі және орындалмауы мүмкін екенін хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі тасымалдаушының кесірінен рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда компания әр 2 сағат сайын сусындар, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ беретінін естеріңізге салады. Сондай-ақ компанияның баспасөз қызметі егер рейстің кешігуі күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық болса, тасымалдаушы жолаушыларды қонақүйге орналастыратынын, әуежайдан қонақүйге және кері көлікпен қамтамасыз ететінін жеткізген.

"Тасымалдаушының кесірінен рейс он сағаттан астам уақытқа тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда жолаушының таңдауы бойынша тасымалдаушы жолаушыны келесі рейспен діттеген жерге дейін жеткізуді қамтамасыз етеді немесе билеттің толық құнын қайтарады", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004042-astana-auezaiynda-aua-raiyna-bailanysty-20-reis-kesiktirildi/

pixel