Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франкфурттан Астанаға бағыт алған ұшақ шұғыл түрде Бакуге қонды

Опубликовано:

Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Франкфурт-Алматы-Астана бағытында ұшып келе жатқан әуе рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты Бакуге қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана әуежайындағы қалың тұманға байланысты Франкфурт-Алматы-Астана бағытындағы DLH-649 рейсін жүзеге асыратын Lufthansa әуе компаниясы экипажының командирі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қону туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, бортында 123 жолаушы бар ұшақ жергілікті уақытпен 06:58-де (Астана уақытымен 8:58-де) Баку әуежайына қонған.

Басылым мәліметінше, әуе рейсі 08:38-де (Астана уақытымен 10:38-де) Франкфуртке қайта ұшқан.

Айта кетейік, бұған дейін Air Asatana ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешіктірілетіні жайлы тұрғындарға үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004092-frankfurttan-astanaga-bagyt-algan-usaq-sugyl-turde-bakuge-qondy/

pixel