Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қарлы боран. Көрнекі сурет
Қарлы боран. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер 5 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты, дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысының батыс, оңтүстік, шығыс бөліктерінде боран тұрып, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батыс, оңтүстік, шығыс бөлігінде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін, шығыста түнде оның күші 23 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігі мен орталығына оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с-ке жетеді деп болжануда.

Астанада бұрқасын болуы мүмкін. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетпек.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні оңтүстік-батыста, таулы аймақтарда 15-20 м/с болса, түнде және таңертең 23-28 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Тараз қаласында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде және таңертең 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының орталығы, оңтүстігі мен таулы аймақтарында болжам бойынша, тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтау да түнде тұман болуы ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыс орталығында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік пен шығысқа оңтүстік-батыстан жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Павлодар қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Таңертең және түнде жылдамдығы 15-18 м/с болатын оңтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде түнде қар жауады. Оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыс, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысыныңтаулы аймақтарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түседі. Солтүстік, батыс және таулы аймағына оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы күндіз – 15-20 м/с, түнде және таңертең секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Түркістанда да оңтүстіктен, оңтүстік батыстан жел тұрады, оның жылдамдығы – 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсуі мүмкін, солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін күшейеді. Өскемен қаласында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Абай облысында жауын-шашын болады, шығысы мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 23-28 м/с дейін жететін жел соғады. Семейде жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігі, шығысы мен солтүстігінде боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 23-28 м/с дейін, күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында боран, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Ұлытау облысының көп бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Күндіз солтүстігі мен шығысында соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Жезқазған қаласында боран тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004166-elimizdin-basym-boliginde-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel