Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуежайды, ҰҚК академиясын басып алу әрекеті: Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы бейнероликті көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы
Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы бейнероликті ұсынды. Онда қасіретті қаңтар хронологиясы, полицейлер мен әскерилерге жасалған шабуыл, сондай-ақ Алматы әуежайын басып алу сәтінен кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнеролик бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында көрсетілді.

Видеода Алматы әуежайының ғимаратын басып алудан жарты сағат бұрын күзет қызметкерлерінің үйлеріне тарау туралы бұйрық алғаны, бір топ адамның "Қазаэронавигация" мекемесінің ғимаратына басып кіріп, ұшу-қону жолағындағы жарықты өшіргені айтылады.

Сондай-ақ бейнероликте лаңкестердің телемұнара мен ҰҚК Шекара қызметінің академиясын басып алмақ болғаны да айтылады. Сонымен қатар видеода тәртіпсіздікке қатысушылар өз әрекетін түсіндірген.

Еске сала кетейік, бүгінгі мәжіліс отырысында еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу әрекеті болғанын және жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004250-auezaidy-uqk-akademiyasyn-basyp-alu-areketi-bas-prokuratura-qantar-oqigasy-turaly-beinerolikti-korsetti-video/

pixel