Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, мемориалға гүл шоғын қойды (фото)

Опубликовано:

Алматылықтар "Тағзым" мемориалына гүл қойды
Қаңтар оқиғасын еске алу. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының тұрғындары бір жыл бұрынғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, "Тағзым" мемориалының стелласына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми Telegram-арнасында.

Бүгін, қаңтар оқиғасына бір жыл болды. Осы орайда, тұрғындар "Тағзым" мемориалына барып, қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алды.

Олардың арасында қала басшысы, қоғам қайраткерлері бар.

"Дін қызметкерлері марқұмдардың рухына құран бағыштап, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы уағыз айтты. Жиналғандарға мешіттердегі асқа бару үшін көлік дайындалды. Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр", - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми ақпараттық арнасы.

Еске салайық, бүгін мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиасы кезінде белсенді әрекет еткен қылмыстық топтар жайлы айтты.

Сонымен қатар ол қаңтар оқиғасы кезінде ескертусіз оқ ату президент бұйрық бермей тұрып жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004254-almatylyqtar-qantar-oqigasy-kezinde-qaza-tapqandardy-eske-alyp-memorialga-gul-sogyn-qoidy-foto/

pixel