Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда кейбір үй тағы да жылудан ажыратылады

Опубликовано:

Батарея
Батарея. Көрнекі фото: Рexels.com

Екібастұзда 6 қаңтар, жұма күні жылу жүйелеріндегі ақауды жөндеу мақсатында кейбір үй тағы да жылу желісінен ажыратылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ұсынған мәліметтерге сүйене отырып, 6 қаңтарда таңғы 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ақауды жою мақсатында №14 жылу магистралі учаскесі өшірілетінін хабарлаған.

Сондай-ақ компания өкілдері жылу жүйесі 25 көпқабатты үй мен 149 жеке үйде, бұған қоса 10 заңды тұлғада өшірілетінін айтады.

Сонымен қатар басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, бүгін 9:00-ден 15:00-ге дейінгі уақытта ақауды жою үшін ішкі кварталды жылу желісі өшіріліп, салдарынан кейбір үйлер тағы да уақытша жылудан ажыратылмақ.

Бұған қоса жылуды беру уақыты шамамен көрсетілгені хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін Екібастұзда жылу желісінде апат болып, қалада ТЖ режимі енгізілгенін хабарлаған едік. Апаттан кейін мемлекет басшысы аталған мәселеге қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004336-ekibastuzda-keibir-uiler-tagy-da-zyludan-azyratylady/

pixel