Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы демалыс күндері кей өңірлерде аяз күтілуде

Опубликовано:

Қар басқан шырша
Шырша. Көрнекі фото: Рexels.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне яғни 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Яғни Қазақстанның шығысында қалың қар, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша боран, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман күтілуде.

7 қаңтарда суық арктикалық антициклон елдің батысынан өзге өңірлерге қарай ауыса бастайды. Бұл өз кезегінде басқа аймақтарда жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және батыста, содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі. Мәселен:

  • батыста, елдің орталығында 20-28 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста, республиканың солтүстігінде 25-33 градусқа дейін;
  • шығыста 5-13 градусқа дейін;
  • елдің оңтүстігінде 0-10 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004430-qazaqstanda-aldagy-demalys-kunderi-ayaz-kutilude/

pixel