Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды (видео)

Опубликовано:

ЖЭО-ның мұржасы. Көрнекі сурет
ЖЭО-ның мұржасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС өкілдері бүгін түнде Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алғанын хабарлады, деп жазады мекеменің ресми Instagram-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

7 қаңтар күні түнде Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды.

"Түнде тек үш жылу қазандығы қорғаныс мақсатында кезек-кезегімен жұмыс істеп тұрды. Жөндеу және технология бөлімдерінің қызметкерлердің жедел әрекеттерімен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, таңертең екі қазандық агрегаты да іске қосылды", - дейді "Павлодарэнерго" АҚ Бас директорының м.а. Владимир Лесин.

Сондай-ақ мекеме өкілінің айтуынша, қазіргі таңда бес жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. Ал қалаға берілетін жылу температурасы 47 градусқа дейін төмендетілген.

Сондай-ақ аталған температура көрсеткіші біртіндеп арттыратыны хабарлаған.

"Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз әрі ол тұрақталып келеді. Тәулік соңына дейін тағы бір жылу қазандығы жөнделеді деп болжап отырмыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004496-ekibastuz-zeo-da-stattan-tys-zagdai-oryn-aldy-video/

pixel