Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туристерден Таиландқа бару үшін қайта вакцинация паспорты талап етіледі

Опубликовано:

Таиланд
Таиланд. Фото: pexels.com

Биылғы жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа кіру үшін туристер қайта вакцинация паспортын көрсетуі қажет. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының Telegram-арнасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа вакциналау туралы талаптары қалпына келтіріледі.

18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы (вакцинаның екінші компоненті елге келгенге дейін кемінде 14 күн алуы тиіс) немесе соңғы алты айдан кешіктірмей (180 күн) алынған коронавирустан айығуды растайтын дәрігерден анықтаманы және вакциналаудан босату туралы хат-негіздемені көрсетуі қажет", - делінген әуекомпания жазбасында.

Сонымен қатар азаматтар вакциналанбаған жолаушы оның себебін көрсетуі керек.

"Вакциналауы жоқ жолаушы дәрігерден себебін көрсететін хат ұсынуы керек. Сонымен қатар, жолаушылардың 5 пайызы ұшып келген кезде ПТР тестін іріктемелі тапсырады. Covid-19 індетіне байланысты жолаушының қайтып келуіне кедергі болатын талаптары бар елден келген болса, онда ол Таиландта 7 күннен астам болғанда Covid-19 емдеуді қамтитын медициналық сақтандыруға ие болуы керек.

Жұмыс бабымен саяхаттаған адамдар, оның ішінде экипаж мүшелері де осындай талапқа сәйкес болу үшін қабылдаушы тараптан хат ала алады. Таиланд төлқұжаты бар жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады.

Транзиттік/трансферттік жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады. Бұл жолаушылар бара жатқан елдің талаптарын сақтау тиіс", - деп толықтырды әуекомпаниясы.

Естеріңізге сала кетейік, Таиландта туристерге арналған карантин шаралары 2022 жылдың 1 қазанында алып тасталынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004521-turisterden-tailandqa-baru-usin-qaita-vakcinaciya-pasporty-talap-etiledi/

pixel