Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда шетелдік көлік жүргізушісі екі ер адамды қағып кетті

Опубликовано:

Оқиға орнынан
Оқиға орнынан. Фото: Polisia.kz

Талдықорған жанындағы айналма жолда шетелдік көлік жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Ер адамдар оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы - Өскемен тас жолының 263-шақырымында Nissan Cefiro автокөлігінің қатысуымен болған.

"Шетелдік көліктің 33 жастағы жүргізушісі екі ер адамды басып кетіп, олар оқиға орнында бірден көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Полиция мәліметінше, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір адам өліміне әкелген апаттың барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалып, көлік арнайы тұраққа қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004522-taldyqorganda-seteldik-kolik-zurgizusisi-eki-er-adamdy-qagyp-ketti/

pixel