Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлерді адалдыққа тексеру тетігін енгізуді пысықтауда

Опубликовано:

Полиция
Полиция. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Бұл жайлы Polisia.kz порталы мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады", - деп жазылды басылым мәліметінде.

Айта кету керек, аталмыш пилоттық жобаны патрульдік полицияда сынақтан өткізу жоспарлануда.

Себебі дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады.

Polisia.kz мәліметінше, бұл жобаның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004533-qazaqstandyq-policeilerdi-adaldyqqa-tekseretin-bolady/

pixel