Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоғалып кеткен малшы аман-есен табылды

Опубликовано:

Малшы
Малшы. Фото: pexels.com

Кеше Ақтөбе облысында мал бағуға шығып, қайта оралмаған малшы табылды. Ол жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram парақшасы.

"Ағымдағы жылғы 7 қаңтар күні 112 құтқару қызметіне Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округінде Майдан шаруа қожалығының малшысы таңертең мал бағуға шығып, қайтып оралмағаныны жөнінде хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады ведомства.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1962 жылғы азамат жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған.

"1962 жылы туылған азамат 08 қаңтар күні Көптоғай ауылдық округінің "Майдан" шаруа қожалығы Жармаөзек қыстағынан 3 шақырымдай жерден жергілікті тұрғындар көмегімен аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004548-aqtobede-zogalyp-ketken-malsy-aman-esen-tabyldy/

pixel