Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімдігі тұрғындарды далада көп уақыт жүрмеуге шақырды

Опубликовано:

Астана кеші. Фото
Астана кеші. Фото: pixabay.com

Астанада қатты аяз тұрып, қала көшелерін көктайғақ басқан. Сондай-ақ елордада жақын арада ауа температурасы 30 градусқа дейін түседі деп күтілуде. Осыған орай әкімдік тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігі жарақат алу мен үсу оқиғаларының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, көшеде көп жүрмеуге шақыруда.

Сондай-ақ шаһар билігі көлік айдауда жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін еске салды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда елорда көшелерін көктайғақ жапқан. Осыған орай жолдар мен көшелерге үнемі құм төселуде.

Бұған қоса "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, алдағы күндері Астанада қатты аяз күтілуде. Ал 11 қаңтарда қар жауады деген болжам бар. Түнде ауа температурасы 33-35, күндіз 25-27 градус аязға дейін көтерілуі мүмкін.

"Елордада 9 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы шықты, 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Өткен түнде, яғни 8 қаңтардан 9-ына қараған түні қаладан 39 мың текше метрден аса қар шығарылды, бұл 2 349 ауыр жүк көлеміне тең. Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына барлығы 1,7 млн текше метрден астам қар мен мұз шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004658-astana-akimdigi-turgyndardy-dalada-kop-uaqyt-zurmeuge-saqyrdy/

pixel