Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы өндіріс орнында 21 жастағы жігіттің қолы жұлынып кетті

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында 21 жастағы жігіт өндірістік жарақат алып, қолынан айырылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысы Целиноград аудандық полиция бөліміне Астана жедел басқару орталығы, хирургия бөліміне "оң жақ білек ампутациясы" деген диагноз қойылған науқас келіп түскені туралы хабарлама жеткен.

Осылайша 21 жастағы жігіттің Целиноград ауданындағы зауыттардың бірінде қалақшы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Ол жарақатты жұмыста, конвейерді жөндеуден өткізіп жатқан сәтінде алған.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, дәрігерлер ер азаматтың қолын аман алып қала алған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған.

Қазіргі таңда мемлекеттік еңбек инспекторына тексеру жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004773-aqmola-oblysynda-21-zastagy-zigittin-qoly-zulynyp-ketti/

pixel