jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қостанайда McDonald's-ты "жерлеген" тұрғынға қатысты іс тоқтатылды

McDonald's мейрамханасы алдындағы аза тұту гүлі
McDonald's мейрамханасы алдындағы аза тұту гүлі. Фото: Top-news.kz

Қостанайда McDonald's мейрамханасына аза тұту гүлін әкелген жергілікті тұрғынына қатысты әкімшілік іс бойынша сот өндірісі тоқтатылды, деп хабарлайды облыстық сот Facebook-тегі ресми парақшасында.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 6 қаңтарында А. есімді Қостанай тұрғыны қаладағы McDonald's мейрамханасының жанына аза тұтуға арналған гүл шоғын қойған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ер адамға қатысты қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырған.

"Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен А.-ның әрекетінде ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылды", – деп атап өтті сот.

Сондай-ақ сот сот қаулысы заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда McDonald’s Қазақстандағы мейрамханалары жұмысын біржолата тоқтатынын ресми түрде мәлімдеді.

Қостанайда McDonald's-ты "жерлеген" тұрғынға қатысты іс тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.