jitsu gif

Алматыда таңғы уақытта интернеттің істен шығу себебі белгілі болды

Планшет ұстап отырған ер адам
Планшет ұстап отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 10 қаңтарда Алматы тұрғындары интернеттің жұмысындағы ақауға шағымданды. Таңғы уақытта интернеттің істен шығуына не себеп болғаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының кейбір тұрғындары бүгін сағат 11:30 шамасында интернетке кіре алмаған.

Пайдаланушылар жарты сағат бойы интернеттің қолжетімдігіне байланысты ақау болғанын, желідегі байланыстың қайта-қайта үзілгенін атап өтті.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" Zakon.kz сайтына хабарлағандай, бүгін "Қазақтелеком" АҚ-ның Алматы деректерді өңдеу орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде сағат 10:55-те электр энергиясының істен шығуы себебінен белсенді жабдықта қысқа мезімді ақау тіркелген.

Қайта іске қосу жүргізілген соң жабдық штаттық режимде қайта жұмыс істей бастаған.

Алматыда таңғы уақытта интернеттің істен шығу себебі белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.