Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен тұрғынының зейнетақысын иемденіп алған күдікті анықталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өскемен тұрғынының зейнетақысын иемденіп алған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

69 жастағы зейнеткер Ертіс полиция бөліміне алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ол тәртіп сақшыларына бейтаныс жігіт несие рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен оның телефоны арқылы микрокредиттік ұйымнан онлайн несие рәсімдеп, жас жігіт жәбірленушінің жеке шотынан оның зейнетақысын өз шотына аударып алғанын айтқан.

Шығын шамамен 91 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ертіс полициясы күдіктіні ұстаған. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Күдікті ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсағанын айтып, өзінің кінәсін толық мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР КҚ-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйді екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004854-oskemen-turgynynyn-zeinetaqysyn-iemdenip-algan-kudikti-anyqtaldy/

pixel