Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ өткен жылы 19 мыңнан астам ел тұрғынының КВИ-дан қайтыс болғанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі 2022 жылы Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 19 мыңнан астам адам көз жұмды деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақында БАҚ-та Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылы коронавирус инфекциясынан көз жұмғандарға қатысты жаңа деректерді жариялады деген хабар тараған болатын. Онда былтырғы жылы коронавирустан 19 247 адамның қайтыс болғаны хабарланған.

Алайда министрлік аталған деректерді ресми түрде жоққа шығарды. Ведомство ұсынған мәліметтерге сай, 2022 жылы елімізде коронавирустан 1005 адам қаза тапқан, олардың 819-ы инфекцияны жұқтырған болса, 186-сы пневмониямен ауырған, десе де соңғыларында ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында ұсынған мәліметтер бойынша эпидемия басталғалы бері Қазақстанда 13 842 коронавирустан көз жұмғаны анықталды.

Сондай-ақ тағы 5406 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004954-dsm-byltyr-19-mynnan-astam-el-turgyndarynyn-kvi-dan-qaitys-bolganyn-zoqqa-sygardy/

pixel